Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің N32"Мөлдір" бөбекжай-бақшасында жылдық жоспарға сәйкес бөбекжай-бақшаның педагог-психолог Чурмантаева Анар Муратовнаның ұйымдастыруымен “Біз-біргеміз!” атты педагогтар арасында іскерлік ойын өткізілді. Мақсаты: Тәрбиешілерді жаңашылдыққа инновациялық , шығармашылық ізденісін, ой-қабілетін арттыру.Жаңа қоғамдағы педагогикалық ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту, өз кәсібіне деген ынтасын,шығармашылық ізденісін, қабілетін арттыру.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №32“Мөлдір” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Бөбекжай-бақшамыздың педагог-психолог маманы Чурмантаева Анар Муратовна мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерімен «Түстер әлемі» тақырыбында арт терапиямен жұмысын өткізді. Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып,психоэмоционалдық жағдайын жайландыру.Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация.Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту,өзіне деген позитивтік көзқарасты дамыту.

КМҚК 32"Мөлдір" бөбекжай- бақшасының педагог-психологы Чурмантаева Анар Муратовна жазғы жоспарға сәйкес "Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілерімен таза ауада тыныс алу жаттығуларын өткізді. Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында тез, еркін демалып, дем шығару кезінде ауаны бір қалыпты шығаруға үйрету. Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті оқу әрекеті кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі.Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады. 1.Қолды үрлеп ысқылау арқылы жылыту» Шарты: аязға тоңған қолдарымызды үрлеп, ысқылап қыздырамыз, жылытамыз. Жылдам-жылдам ысқылаймыз. 2.«Көпіршікті үрле» Көпіршік суды аузымызбен үрлеп, көпіршіктерді ұшырамыз. 3«Стакандағы дауыл» Су құйылған стаканға коктейль ішуге арналған түтікшені салып бір жағын тілдің ортасына салып, түтікше арқылы стакандағы суды үрлеу.Ұртымызды ауаға толтырмаймыз,ернімізді қозғалтпаймыз. 4«Көбелектерді үрлеп ұшыр» Шарты: Түрлі-түсті көбелектерді үрлеп ұшыру. Ұртқа ауаны толтырмай үрлеу. 5.«Мақтаны ұшырайық» Шарты: ақ ұлпа жұмсақ мақталарды терең дем алу арқылы балалар үрлеп ұшырады.