08.12.2024ж
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің 32 "Мөлдір" бөбекжай- бақшасында Әкелер мектебінің жоспарына сәйкес топ ата-аналарының қатысуымен бөбекжай-бақшаның дене шынықтыру маманы Джолдыбаева Алмагуль Уразгалиевнаның ұйымдастыруымен әкелер сайысы өткізілді.
Мақсаты:отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту.
08.12.2024ж
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің 32 "Мөлдір" бөбекжай-бақшасының "Ақгүлдер" мектепалды даярлық топ тәрбиеленушісі Қонысбайқызы Аяна көрнекті ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай #6 Қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған шығармашылық кешіне қатысып өлең жолдарын оқып,белсенділік танытты.
Жетекшісі:Топ тәрбиешісі Утеулиева Жанар Жумаевна.
08.12.2024ж
#Біртұтастәрбие_атырау
2024 жылы 27 -ші қараша күні Атырау облыстық Білім беру басқармасы Атырау қалалық білім бөлімі №32 "Мөлдір" бөбекжай- бақшамызда жылдық жоспарына сәйкес жаңа оқу жылының "Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуында ұлттық дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктері" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен семинар-практикум өтті.
Теориялық бөлімде бөбекжай- бақша әдіскері Рахмашева Камаш Назенгалиевга тақырыпқа сай әдістемелік кеңесін ұсынды. Балабақша тәрбиешілері мектепке дейінгі балалардың танымдық зерттеу белсенділігін даму түрінің инновациялық формасы ретінде баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына маңызды рөл атқаратындығы, бір мәселені шешу жолында әр дағды бойынша білім алып, алған білімдерін қолдана алатындығы, әр жас топтарында жас шамасына сай ойналатын ойындарға тоқталып, ата-аналармен қызықты ойындар өткізді. Семинарға ата-аналар белсенді,қызығушылықпен ат салысып қатысып,өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін педагогтарға ерекше алғыстарын білдірді.
25.11.2024ж
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы 32 "Мөлдір" бөбекжай -бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тақырыбы:"Көліктің досы жүргізуші" ойын сауық.
Ақгүлдер мектепалды даярлық тобы.
Топ тәрбиешісі: Утеулиева Жанар Жумаевна
25.11.2024ж
Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
№32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен “Өнерім - саған Қазақстан” қалалық байқауында
“Мәнерлеп оқу” номинациясы бойынша Мектепалды тобының тәрбиеленушісі Ибраева Айша ІІІ-ші дәрежелі дипломмен және "Ботақан "ересек тобының тәрбиеленушісі Адиетқызы Айым "Вокал" номинациясы бойынша ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз 💐💐💐
Саз жетекшісі Ныгыметова Альмира Маратовна
Қазақ тілі оқытушысы Джупанова Ақмарал Галимжановна
#қалалықбілімбөлімі
25.11.2024ж
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы 32 "Мөлдір" бөбекжай -бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
"Күншуақ" ортаңғы тобы
Тақырыбы:"Есіңе сақта балақай" ойын сауық.
Мақсаты:Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ережелерін үйде,көшеде,балабақшада сақтау керектігін түсіндіру.Үлкендердің айтқанын тыңдауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.Өміріне қауіпсіз, келеңсіз жағдайға ұшырамас үшін,қандай заттарды ұстауға болмайтындығын және топта, ойын алаңдарында қауіпсіз ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Топ тәрбиешісі: Кайреденова Тураргуль Ибатоллаевна.
15.11.2024ж
#Біртұтастәрбие_Атырау.
"Әдептілік пен жауапкершілік-біртұтас ұғым! 2024 жылы 15 қараша күні "Балапан" мектепалды топ тәрбиешісі Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна топ тәрбиеленушілермен "Робот әлеміне саяхат" тақырыбында кіріктірілген ашық іс -әрекет ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: балаларға құрылыс материалдарымен және конструктор бөліктерінен құрастыруды және модельдеуді үйрету.Балаларға роботтарды құрастыруды Қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.Балалардың бойына өздігінен жұмыс жасау мен байқампаздықты сіңіру.Ұсақ қол моторикасын дамыту.
14.11.2024ж
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің 32 "Мөлдір" бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
"World Skills Atyrau" қозғалыс аясында өңірлік BabySkills Atyrau-2024 чемпионатына "Кондитерлік іс" құзыреттілігі бойынша "Ақгүллер"мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Қонысбай Аяна қатысып,белсенділік танытқаны үшін ІІІ-ші дәрежелі дипломмен және жетекшілік еткен топ тәрбиешісі Утеулиева Жанар Жумаевна "Алғыс хатымен"марапатталды.
14.11.2024ж
#Біртұтастәрбие_Атырау.
"Әдептілік пен жауапкершілік-біртұтас ұғым! 2024 жылы 13 қараша күні "Ботақан" ересек топ тәрбиешісі Абдулова Орынша Муратовна топ тәрбиеленушілермен "Табиғат сыры" тақырыбында кіріктірілген ашық іс -әрекет ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру,балаларға жанды және жансыз табиғат жөнінде мағлұмат беру,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқоршылық жасай білуге үйрету.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
14.11.2024ж
#Біртұтастәрбие_Атырау.
"Әдептілік пен жауапкершілік-біртұтас ұғым! 2024 жылы 13 қараша күні "Күншуақ" ортаңғы топ тәрбиешісі Дюсенбаева Айнат Амановна топ тәрбиеленушілермен "Сиқырлы жаңбыр" тақырыбында кіріктірілген ашық іс -әрекет ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтай келе, күзгі жаңбыр ерекшеліктерімен таныстыру.Ересектермен диалог құру,берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беруге баулу.Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдануды Күзгі ауа - райы ерекшелігін бейнелеуде сурет салудың дәстүрден тыс техникасын пайдалануға қызығушылығын дамыту.
14.11.2024ж
#біртұтастәрбие_Атырау
Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің 32"Мөлдір"бөбекжай- бақшасының қазақ тілі маманы Джупанова Ақмарал Ғалымжанқызы топ тәрбиеленушілерімен ұлттық мұражайда "Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"атты іс шара өткізді.
Мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету.
Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің алар орны ерекше. Бұл ретте, балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың түрлі тәсілдерді қолдана білу сауаттылығына байланысты екені даусыз.Осы орайда бөбекжай- бақшамыздың тәрбиеленуші бүгін ұлттық мұражаймыздың құндылықтарымен танысып,бірқатар мағлұматтар алды.Ұл балалар қазақтың ұлтық ойындары "Ақ сандық көк сандық","Бұқа тартыс"ойындарын ойнады.
14.11.2024ж
#біртұтастәрбие_Атырау
Балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл тек құрастыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық болжаудағы дағдыларын, мақсатқа жету үшін жұмысты құру қабілеті және ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамытады.
Осы орайда Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің 32 "Мөлдір"бөбекжай- бақшасында 2024 оқу жылының қаңтар айынан бастап балабақшада робототехника кабинеті ашылды. Балалар тәрбиешілерімен бірге қосымша сабақтарда сол кабинетте құрастыру жұмыстарымен айналысады.Бүгінгі күні ата-аналарға робототехниканың ойындарымен "Балапан" мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна "Ботли" роботының ойналу ережесімен таныстырды.Бөбекжай-бақшамыздың ортаңғы және ересек топ тәрбеленушілері Лего құрастырып,Педагог-психолог Чурмантаева Анар Муратовна"Колби"атты роботышқанмен таныстырп,ойналу ретін көрсетті.
Мақсаты:«РОБО Тышқан» жаңа технологиясымен балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
31.10.2024ж
Атырау облысы Білім беру басқармасының
Атырау қаласы білім бөлімінің
№32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5 қазан Ұстаздар күні мерекесіне арналған “Ұстаз-ұлы тұлға” тақырыбындағы салтанатты шара ұйымдастырылды.Шараға бөбекжай- бақшамыздың ардагер ұстаздары арнайы шақырылды.
Бәсекеге қабілетті, жан- жақты әлеуметтенген ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі жұмыстары бағаланып, педагогтеріміз Облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хаты, Қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, Қалалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!
31.10.2024ж
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№32«Мөлдір» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кішкентай тәрбиеленушілері Астана қаласы «Дарынды бала» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен" қазақ тілі пәні бойынша "Зеррде" онлайн байқауына белсене қатысып,I-ші дәрежелі дипломдармен және де бөбекжай- бақшаның тәрбиеленушілерін дайындаған жетекшісі қазақ тілі маманы Джупанова Акмарал "Алғыс"хатымен марапатталды.Тәрбиеленушілеріміздің зейінді,алғыр,ақылды болуына тілектеспіз.
31.10.2024ж
Атырау қалалық білім бөліміне қарасты #32 "Мөлдір" бөбекжай-бақшасында "Күншуақ" ортаңғы және "Ақгүлдер" мектепалды даярлық топтарында "Сыйға толы Алтын күз" атты ертеңгілігі өз дәрежесінде өткізіліп балалардың қызықты ойындарымен қойылымдары әсерлі болды, бөбекжай-бақшамыздың педагог тәрбиешілеріне саз жетекшісі ,би маманына, түрлі костюмдер дайындаған ата-аналарға алғысымыз шексіз.
#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
Атырау облысы, Білім беру басқармасының
Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша Астана каласынан "Айгөлек" қуыршақ театры келіп «Тапқыр тышкан» такырыбында койылым өткізді.
Балаларға ұлттық тәрбие беретіндей қызықты да әсерлі қойылым болды. Балалардың көңілдері көтеріліп бір қуанып калды.
#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
#біртұтастәрбиебағдарламасы
Атырау облысы, Білім беру басқармасының
Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша "Қымбат маған ана тілім, бал тілім” педагогтер арасында байқау өтті.
Тәрбиеші педагогтар сайыстың бөлімдерінде мәнерлеп оқу, мақал-мәтел ,сөз тіркестерінің мән мағынасы бойынша өз шеберліктерін көрсете білді.
#біртұтастәрбиебағдарламасы
20.09.2024ж
Атырау облысы, Білім беру басқармасының
Атырау қалалық білім бөлімінің #32 Мөлдір бөбекжай- бақшасы бойынша "Ана тілім-өз тілім" тақырыбында қазақ тілі апталығы өз дәрежесінде өткізілді.
Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын басшылыққа ала отырып ,тәрбиеленушілердің ұлттық құндылықтарды бойына сіңіртіп ,еңбекқор,адал,
саналы жасампаз азаматты тәрбиелеу. Топ тәрбиешілер апта бойына әсерлі де мағыналы ұйымдастырылған іс шараны өткізді.
ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ.
20.09.2024ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 жылғы № 72 бұйрығымен Атырау қалалық білім бөлімі, №32"Мөлдір " бөбекжай - бақшасы, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында педагог- қызметкерлерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша сараптамалық кеңес отырысы өтті. Сараптамалық кеңес отырысында 2023 жылдың тамыз айларында және 2024 жылдың тамыз айларында педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеуден өткен 4 педагог- қызметкерлердің қызмет нәтижелеріне кешенді талдамалық жинақтау жүргізіліп, қорытындысы бойынша біліктілік санатын беруге (растауға) аттестаттау комиссиясына ұсынды. Маусым айының 17күні №1 хаттама негізінде және тамыз айының 29 күні №2 хаттамамен бөбекжай- бақшада аттестаттау комиссия отырысы ұйымдастырылып , білім беру ұйымдарының педагог- қызметкерлердің материалдарын (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарап, нәтижесінде 4 педагог мәлімделген "педагог- модератор" біліктілік санатына *сәйкес келеді*- деген шешім шығарылды.
«Өрлеу-Атырау»
20.09.2024ж
«Өрлеу-Атырау» филиалы «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ-ға бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешілері Абдулова Орынша Муратовна және Ергалиева Асемгуль Мухтасаровнаның жинақтары енгізіліп арнайы СЕРТИФИКАТпен марапатталды. .
“DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ”
20.09.2024ж
2024 жылдың 26 тамыз күні А “DIGITAL KAZAKHSTAN: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ” педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті. Мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтерінің панельдік секциясы “МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР” тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар арасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге бөбекжай -бақшамыздың тәрбиешісі Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна қатысып,өз тәжірибелерімен бөлісті. Тамыз кеңесінің қорытынды бөлімінде педагогымыз Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды..
Гүлденген табиғат
"Ғажайыптар әлемінде""
03.07.2024ж
КМКҚ 32"Мөлдір" бөбекжай-бақшасының "Күнщуақ "ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен
"Артық суретті тап" дидактикалық ойын ұйымдастырды.
Мақсаты:Жаз мезгілінде табиғат құбылыстарына сай суреттерді дұрыс тауып,орналастыруға дағдыландыру,ойлау қабілеттерін арттыру.Тәрбиеші Рахимгалиева Салтанат. балалармен табиғат құбылыстары туралы әңгімелесіп бірқатар мағлұмат берді.Балалармен серуен кезінде табиғат көріністерін бақылауға баулып, бөбекжай бақша аумағындағы гүлзарларда өсіп тұрған гүлдерді суарып,күтіп баптауды үйретті.
Гүлденген табиғат
"Су әлемінде"
2.07.2024ж
КМКҚ 32"Мөлдір" бөбекжай-бақшасының "Ботақан "ересек топ тәрбиеленушілерімен
"Су бетінде сурет салу" жұмыстары жүргізілді.Тәрбиеші Карчегенова С. балаларға сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесіп бірқатар мағлұмат берді.Балалармен "Нысанаға дәл тигіз"тақырыбында сумен қимылды ойындар ұйымдастырылды.
Мақсаты:түрлі түсті топтарды нысанаға дәл тигізуге дағдыландыру,шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Саялы бақ
13.06.2024жыл
Тақырыбы:"Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?"тақырыбында "Күншуақ "ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен әңгімелесу.
Мақсаты:Балаларға аштарды бақылап,оларға күтім жасау еңбектеріне баулу,ағаштар туралы түсініктерін кеңейту.
Дидактикалық ойын:"Қай ағаштың жемісі"
Таза ауада қимылды ойындар ойнады.
Саялы бақ
13.06.2024 жыл
Тақырыбы:"Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?"
"Балапан"ересек, "Ақгүлдер"мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері.
Мақсаты:Балаларға ойын алаңын қоқыстардан тазалау,оларға күтім жасау еңбектеріне баулу,ағаштар туралы түсініктерін кеңейту.
Шығармашылық жұмыс"Қай ағаштың жапырағы?"
"Жаз да келді,көңілді"
17.06.2024ж
Сабын көпіршіктері күні
"Тамшылар" дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.
"Балапан"ересек тобы
"Жаз да келді,көңілді"
Табиғат аясында
"Күлімдейді күн маған"
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды пысықтау.
"Күн,су,ауа"ойын сауығы
"Күншуақ" ортаңғы, "Балапан"ересек,"Ақгүлдер" мад топтарымен "Сылдырлайды Мөлдір су"тақырыбында,денсаулыққа ауа мен судың пайдасы туралы әңгімелесу,қызықты ойындар ұйымдастырылды.
"Қауіпсіз жаз"
24.06.2024ж
"Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері мен Бағдаршам күніне орай балалардың ережелерді есте сақтауы үшін "көше қозғалысы" туралы ойын ұйымдастырылды.
Тәрбиеші:Карчегенова Сану Саташовна
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
"АЛАҚАЙ, ЖАЗ КЕЛДІ! " ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ. 2024 жылы мамыр айы қалалық "Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген " Алақай, жаз келді! " байқауында шығармашылық дағдыларымен ерекшеленген Атырау облыстық Білім беру басқармасы Атырау қалалық білім бөлімі №32 "Мөлдір" бөбекжай- бақшасының "Күншуақ" ортаңғы тобы жүлделі үшінші орынмен құттықтаймыз! Топ тәрбиешісі Абдулова Орынша Муратовнаға толағай табыстар, биік асуларды бағындыруға тілектеспіз!
"Балапан"ересек тобы
"Ақ гүлдер" мектепалды даярлық тобы
"Жас із кезушілер"
Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.
Сурет салу әр баланың арманы,
Әр суреттің астарында бар мәні.
Өте ғажап мықтылардың салғаны,
Қиялменен келіп жатар қалғаны.
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық.
Бөбекжай-бақша аумағындағы гүлдері суару,күтіп баптау жұмыстары
Тобы:"Балапан"ересек
Тәрбиеші: Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна
Тобы:"Ақ гүлдер"мектепалды даярлық
Тәрбиеші: Дюсенбаева Айнат Амановна
Сурет салу
"Аңдар мен аңшылар"
Тақырыбы:"Менің сүйікті жануарым", "Ормандағы аңдар"
Бояуым көп баламын,
Сурет салып жүрмін мен.
Кезекпенен аламын
Әр бояуды бір-бірден.
Ал жұмысым басталды,
Маған осы ұнайды.
24 сәуір күні «Өрлеу-Атырау» филиалы «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ұйымдастырды. Біздің әріптесіміз Тәрбиеші Ергалиева Асемгуль Мухтасаровна педагогикалық ізденісі мен зерттеушілік қызметімен бөлісті.
"АЙГӨЛЕК " БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ. Атырау қалалық білім бөліміне қарасты коммуналлық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны №32"Мөлдір " бөбекжай- бақшасының 2023-2024 оқу жылында жетістіктер қоржыны тағы да жүлделі орындармен толықты. "ВОКАЛ" номинациясы бойынша "Ақгүллер"мектепалды топ тәрбиеленушілері Дюсипова Айлин мен Орақ Айша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды, музыка жетекшісі-Кабдолова Райгуль Гизатуллаевна. "Хореография" номинациясы бойынша мектепалды топ тәрбиеленушілері ІІІ-ші дәрежелі орынмен марапатталды, жетекшісі Казыханова Марта Асылбекқызы. "КӨРКЕМ СӨЗ" номинациясы бойынша "Ақгүлдер" мектепалды топ тәрбиеленушісі Ибрагим Ералы ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшілері Дюсенбаева Айнат Амановна, Кайреденова Тураргуль Ибатоллаевна.Көркем қабілетке баулып, шығармашылық дамуына үлесін қосып жүрген тәрбиеші,мамандарға мың алғыс. Жетістігіміз көп болсын. Алдарымыздағы шәкірттеріміз қуанта берсін! Әріптестерімізге шығармашылық жетістіктер тілеп, биік асуларды бағындыруға тілектеспіз!
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің КМҚК N32 “Мөлдір” бөбекжай-бақшасы. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында “Менің елім-менің бақытты балалық шағым!”атты қалалық байқауына қатысқаны үшін "Күншуақ"ортаңғы тобының тәрбиешісі Абдулова Орынша Муратовна "Алғыс хатпен" марапатталды. Құттықтаймыз💐💐💐
1 маусым балаларды қорғау күні ертеңгілігі!!! Бөбекжай-бақша бүлдіршіндеріне ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.